Жаңалықтар

2 тамыз 2010
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр К. Мәсімовтің, Президент Әкімшілігінің басшысы А. Мусиннің және Президенттің көмекшісі Б. Сұлтановтың қатысуымен кеңес өкізді.
0208

Кеңес барысында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру қарқыны мен сапасы туралы сөз болды. Аталған стратегияның аясында қазірдің өзінде 74 жаңа өндіріс орны ашылды және жылдың соңына дейін тағы да осынша кәсіпорын іске қосылуы керек. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Президентке келер жылдың мемлекеттік бюджетінің жасалу барысы мен еліміздің бірінші жартыжылдықтағы дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.

Кеңес қортындысында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар