Жаңалықтар

6 шілде 2015
Германияның бұрынғы Федеральды канцлері Герхард Шредермен телефон арқылы әңгіме

 

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевты ГФР-дың бұрынғы Федеральды канцлері туған күнімен құттықтап, денсаулық және жаңа табыстар тіледі.

Герхард Шредер Қазақстан қоғамының батыл да қарышты дамуы, кең ауқымды реформалар және ұлттың әл-ауқатының артуы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланысты екеніне назар аударған.

Телефон арқылы әңгімелесуге герман тарапы бастамашы болды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары