Жаңалықтар

25 маусым 2013
Ақордада Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметтің «А» корпусына кадрлық резерв жасақтау жұмысы жүргізілді.

Ұлттық комиссияның отырысында осы жұмыстың қорытындысы шығарылды. 2013 жылғы 4 – 21 маусым аралығында Комиссияның 14 отырысы өтті, оның барысында тестілеу кезеңінен өткен 1121 үміткердің әрқайсысымен әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесінде Комиссия 940 кандидатты «А» корпусының кадрлық резервіне алуды ұсынды. Бұл ретте тестілеу қорытындылары, қалалар мен аудандардың даму рейтингілері, мемлекеттік органдар тиімділігін бағалау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының мәліметтері ескерілді. Іріктеуге қатысу үшін барлығы 2024 адам өтініш берді.

Осы орайда, Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес, қатаң іріктеу негізінде мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын іске асыруға жауапты кәсіби басқарушылардың принципті жаңа тобы – «А» корпусы жасақталды.      

 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия ұсынған кандидаттар тізімі


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар