Жаңалықтар

2 мамыр 2013
Бүгін Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

 

Отырыс барысында ұйымдастыру мәселелері қаралды, сондай-ақ ішкі істер және кедендік бақылау органдарындағы басқарушы лауазымдарға кандидатуралар келісілді.

Комиссия мүшелеріне жұмыстың ұйымдастырылуы, кадрлық материалдарды қалыптастыру тәртібі және қабылданатын шешімдердің ресімделуі туралы хабарланды.

Комиссия Мемлекет басшысының 2013 жылғы 3 сәуірдегі №537 Жарлығына сәйкес құрылып, оның Ережесі мен құрамы бекітілген.

Комиссияны Президент Әкімшілігінің Басшысы басқарады, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы оның орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары (ҰҚК, БП, ЭҚСЖКА, ІІМ, МҚІА, ҚМ, ӘдМ, ТЖМ), Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары, сондай-ақ Бас прокуратура, Қаржы полициясы агенттігі мен Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңестерінің төрағалары оның мүшелері болып табылады.

Комиссияның негізгі функциялары – Президенттік резервті қалыптастыру және құқық қорғау органдарындағы басшылық лауазымдарға ұсынылатын  иеленетін кандидаттарды қарастыру.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар