Жаңалықтар

9 сәуір 2014
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысы өтті

 

Сарапшылық кеңес отырыстарын өткізу тәжірибесінде пікірлесу алғаш рет Қазақстанның жетекші университеттерінің, Алматы қаласындағы зерттеу институттары мен қорлардың сарапшыларының, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы өтті.

Күн тәртібінде үкіметтік емес ұйымдардың, қорлар мен зерттеу орталықтарының жұмысындағы жаңа үрдістер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздік саласындағы болжамдық-талдамалық жұмыстарының мәселелері қамтылды.

Талқылау барысында ҚР Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.П.Қожамжаров үкіметтік емес ұйымдардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірінде алатын маңызды жасампаздық рөліне ерекше тоқталды.  

Сарапшылар Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар саласын реттейтін заңнамасы ТМД кеңістігі бойынша мейлінше либералды саналатынын, ел үкіметі азаматтық бастамаларды дамытуға жан-жақты жағдай жасап келе жатқанын атап өтті.  

Қ.Қожамжаров үкіметтік емес ұйымдар қызметіндегі аса түйткілді мәселелерге ерекше назар аудара отырып, олардың ең маңызды миссиясы – Қазақстанның орнықты әрі табысты дамуы екенін айтты. Осыған орай ол ұлттық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды, қорлар мен институттарды мемлекет пен қоғам үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді орындауда сындарлы қарым-қатынас орнатуға шақырды.

Президент Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы аумалы-төкпелі халықаралық жағдай мен ұлттық қауіпсіздік алдында тұрған сын-қатерлер отандық сарапшылар қауымы мен мемлекеттің өзара тығыз қарым-қатынас орнатуын талап ететінін айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша Сарапшылық кеңес нақты ұсынымдар берді, олар Қауіпсіздік Кеңесі мен оның ведомствоаралық комиссиялары жұмысы барысында пайдаланылатын болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар